Меню KDT

*Жаңартылған оқулықтардың мазмұны таныстырылды*

*Жаңартылған оқулықтардың мазмұны таныстырылды*


*Жаңартылған оқулықтардың мазмұны таныстырылды*

Білім беру мазмұнын жаңарту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында “Алматыкітап” баспасы өкілдерінің қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында «Алматыкітап» баспасының 4-сыныпқа арналған жаңартылған оқулықтары таныстырылды.

Семинар аясында келесі пәндер бойынша оқулықтардың мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері кеңінен қамтылды: «Әдебиеттік оқу», «Математика», «Дүниетану», «Русский язык», «Литературное чтение», «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес), «Математика» (оқыту қазақ тілінде емес), «Познание мира».

Іс-шара барысында оқулықтардың жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкестігі, тапсырмалардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделуі, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталуы және мұғалімдерге арналған әдістемелік қолдау тетіктері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, педагогтерге сабақ үдерісін жоспарлауда құндылыққа негізделген TOPIQ бірыңғай платформасының жұмысы таныстырылып, QAMQOR жасанды интеллектісінің алгоритмі ұсынылды.

Семинар-тренинг педагогтер үшін тәжірибе алмасуға, кәсіби білімін жетілдіруге және оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін меңгеруге зор мүмкіндік берді. @almatykitap_official #абайоблысы #алматыкітап


Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 06.02.2026 в 18:07