Discover the world through AI and English
Ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы «Discover the world through AI and English» тақырыбында жоғары деңгейде, мазмұнды әрі жүйелі түрде өтті.
📘 Апталық аясында өткен ашық сабақтарда оқушылардың сөздік қоры, сөйлеу, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдылары жан-жақты дамытылды. Сабақ барысында жасанды интеллект мүмкіндіктері тиімді қолданылып, ағылшын тілін меңгеру үдерісі қызықты әрі заманауи форматта ұйымдастырылды.
✍️ Оқушылар өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізіп, тақырып бойынша дәлелді пікір білдіріп, шығармашылық жұмыстар орындады. Сонымен қатар, өзара бағалау мен кері байланыс арқылы білім сапасы арта түсті.
✅ Апталық өте жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, цифрлық сауаттылығын дамытуға және әлемдік білім кеңістігіне қадам басуына зор мүмкіндік берді.