⚜️ Бала бойына адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру - үздіксіз әрі нәзік үдеріс.
Семинар барысында мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуде ойын тәжірибесін қолданудың өзектілігі кеңінен қарастырылды. Педагогтар ойын арқылы баланың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасы құндылықтарын қадірлеу, туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ халықтың салт-дәстүріне деген сыйластықты дамыту жолдарын талқылады. Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың табиғи әрі жетекші іс-әрекеті екендігіне, оның тәрбие-оқу үдерісіндегі тиімді әрі заманауи ресурс ретіндегі маңызына ерекше назар аударылды.
Іс-шара белсенді диалог, кәсіби қызығушылық және шығармашылық ынтымақтастық жағдайында өтті. Семинар барысында алынған идеялар мен тәжірибелер педагогтардың алдағы тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылатын болады.
Комментариев нет
Просмотров: 17