Меню KDT

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» тәрбиелік іс шара.


«Даналық мектебі» жобасы  аясындағы мектебіміздің «Аталар мектебі» — ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ата-аналардың позитивті мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» тақырыбында  тәрбиелік іс шара өтті. Іс-шарада жеті ата, шежіре, салт-дәстүр, тек пен бабалар ұғымы талқыланып, аталар жас ұрпаққа ақыл-кеңес береді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды сақтау мен оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы жөнінде мазмұнды әңгімелер өрбіді. Аталар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, бата берді. Іс-шара жас буынның ата-баба тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық сана-сезімін нығайтуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге зор ықпал етті. Тағылым сағат соңында қатысушылар аталарға алғыстарын білдіріп, тағылымды кездесуге рахметтерін білдірді. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 31.01.2026 в 10:54