Меню KDT

«Адалдық дүкені»


#Адал_азамат
#Адалдық_дүкені
#Честный_магазин
Мектебімізде оқушылардың адалдық, жауапкершілік және сенім сияқты адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкені» ұйымдастырылып, сәтті өтті.Аталған дүкенде тауарлар сатушысыз ұсынылып, әр оқушы өз қалаған затын алып, ақшасын арнайы жәшікке өзі салды. Бұл жоба балалардың өз-өзіне сенуіне, шыншыл болуына және адал әрекет етуіне мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында оқушылар адалдықтың тек сөз жүзінде емес, нақты іс-әрекет арқылы көрінетін маңызды қасиет екенін түсінді. «Адалдық дүкені» балалар үшін қызықты әрі тәрбиелік мәні зор тәжірибе болды.
Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақтың саналы, әділ, адал азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 09.02.2026 в 12:51