Меню KDT

Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті.


#Адал_азамат
#Мұқағали95
#МұқағалиМақатаев
#АудандықБалаларКітапханасы
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті.
Шара барысында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Горохводацкая Анна Васильевна өз жанынан шығарған өлеңін оқып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Оның Мұқағали Мақатаевты Сергей Есенинмен салыстыра отырып жасаған талдауы оқушыларға ақынды кеңірек қырынан тануға мүмкіндік берді. Бұл салыстыру арқылы Мұқағали әлемдік деңгейдегі тұлға ретінде танылып қана қоймай, жүрекке жақын, шынайы болмысымен де ашыла түсті.
Анна Васильевнаның авторлық өлеңі мен оның шәкірті Ермекова Эльмираның мазмұнды сөзі бұл әсерлі кездесудің жарасымды жалғасына айналды.
Іс-шара соңында қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Жарайсыздар!


Комментариев нет
Просмотров: 8
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 09.02.2026 в 13:27