«Пески орта мектебі» КММ-де «Жаңа жылдық марафон» атты театрландырылған қойылымның премьерасы өтті. Қойылымға «Айгөлек» үйірмесіне қатысатын оқушылар белсене атсалысты.
«Пески орта мектебі» КММ-де «Жаңа жылдық марафон» атты театрландырылған қойылымның премьерасы өтті. Қойылымға «Айгөлек» үйірмесіне қатысатын оқушылар белсене атсалысты. Жас өнерпаздар сахнада шынайы сезіммен, үлкен шабытпен өнер көрсетті. Олардың ойыны көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, шаттық сыйлап, шынайы қошеметке бөленді.
Қойылымның басты мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ көрермендерге мерекелік көңіл күй мен жағымды эмоция сыйлау. Қойылым мазмұны жағынан жарқын әрі динамикалы болды. Спектакль көрермендерге достықтың, өзара көмектің, еңбекқорлықтың және қарапайым сәттерден қуаныш таба білудің маңызын тағы бір мәрте еске салды.
Комментариев нет
Просмотров: 8