«Құқық бұзушылықтардың алдын-алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауда ата-аналық бақылау мен жауапкершіліктің рөлі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
2026 жылдың 11 ақпан күні «Құқық бұзушылықтардың алдын-алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауда ата-аналық бақылау мен жауапкершіліктің рөлі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың негізгі бағыты профилактикаға —қауіп-қатерлі мінез-құлықтың алдын- алуға, балалардың өз денсаулығына, қауіпсіздігіне және болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға арналды.
"Жыныстық тәрбие мен жеке бас гигиенасы мәселелері" бойынша Успанова Л.А. баяндама жасап, ата-аналардың балаларымен уақытылы әрі дұрыс қарым-қатынас орнатуының маңыздылығын атап өтті.
Шакеева Д.М. "Балалар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың өзекті белгілеріне" тоқталып, тәуекелді мінез-құлықтың алдын- алуда отбасы мен мектептің рөлі туралы айтты, сондай-ақ алаңдататын белгілер анықталған жағдайда ата-аналарға арналған іс-әрекет алгоритмін ұсынды.
Мектеп директоры Абуова М.К. өз сөзінде «Адал Азамат» құндылықтарын қалыптастырудағы мектепішілік өзін-өзі басқарудың рөліне және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жүйелі профилактикасының маңыздылығына ерекше назар аударды.
Осындай кездесулер ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға, отбасы мен мектеп ынтымақтастығын нығайтуға және профилактика барлық білім беру үдерісіне қатысушылардың ортақ міндеті болып табылатын қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Комментариев нет
Просмотров: 2