Меню KDT

«№32 мектеп – гимназия» ШЖҚ МКК 2024 жылдың 30 сәуірінде бастауыш және орта буын арасында білім берудегі сабақтастық бойынша педагогикалық кеңес өтті


«№32 мектеп – гимназия» ШЖҚ МКК 2024 жылдың 30 сәуірінде бастауыш және орта буын арасында білім берудегі сабақтастық бойынша педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық консультация жұмысына №32 мектеп-гимназиясының директоры Г.Б.Байтас, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Карина О. А. ,Мұқанова Г.Х., 4-сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері қатысты.


Педагогикалық кеңестің мақсаты:

- пән мұғалімдерін бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерімен таныстыру;

-орта білім беру деңгейіндегі білім беру жағдайына бейімделу процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттерін ескеру;

-5-сыныпта оқытуға дайындық деңгейін анықтау;

-оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға оңтайлы көшу жолдарын ойластыру.

Дөңгелек үстел барысында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, бастауыш сыныптан орта мектепке көшу бойынша ұсыныстар берілді.


Комментариев нет
Просмотров: 42
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: 32mg-astana.edu.kz
Добавлено: 30.04.2024 в 15:13