«8 минуттық кітап оқу» жобасы.
«8 минуттық кітап оқу» жобасы аясында 8-сынып оқушылары ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқып, мазмұнын талқылауда. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру және көркем ойлау қабілетін дамыту. Кітап – ақылды қуаттандыратын, рухани азық болатын маңызды құрал. Жетістікке жеткен кез келген адамнан сұрасаңыз, олардың барлығы дерлік ең алдымен кітап оқуға кеңес беретіні белгілі. Кітап оқу арқылы адамның таным көкжиегі кеңейіп, сөздік қоры молаяды, ойды жүйелі әрі нақты жеткізу дағдысы қалыптасады. Осыған орай, «8 минуттық кітап оқу» жобасы оқушылардың күнделікті кітап оқу дағдысын қалыптастыруға, рухани дамуына ықпал ететін тиімді бастама болып табылады. Абайдың қарасөздерін оқу арқылы оқушылар адамгершілік, еңбекқорлық, білімге құштарлық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттердің маңызын терең түсініп, өмірлік құндылықтарға дұрыс көзқарас қалыптастырады деп білеміз. ВИДЕО КӨРУ
Комментариев нет
Просмотров нет