Меню KDT

«Қара қызғалдақ» ескерткішіне гүл шоқтарын қою


#Адал_азамат
2026 жылғы 15 ақпанда «№2 Новоишим орта мектебі» КММ оқушылары ауданның басқа да ұйымдарының өкілдерімен бірлесе отырып «Қара қызғалдақ» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шара интернационалист жауынгерлерді еске алу күніне арналды. Қатысушылар Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялап, гүл шоқтарын қойды.
Мұндай тағылымды шараларға оқушылардың қатысуы олардың бойында патриоттық сезімді, ел тарихына және Отан қорғаушылардың ерлігіне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 16.02.2026 в 10:40