Меню KDT

Облысымыздағы білім беру жүйесін жаңғырту жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып отыр.

Облысымыздағы білім беру жүйесін жаңғырту жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып отыр


Облысымыздағы білім беру жүйесін жаңғырту жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып отыр. Мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық бағдарын дәйекті іске асыру және республикалық ауқымды жобаларды нәтижелі орындау - негізгі басымдықтарымыздың біріне айналды.
Заманауи білім беру талаптарына сай педагогтердің біліктілігін шыңдап, шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында облыстың бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары әлемдік озық тәжірибені зерделеп, жаңа әдістемелерді игеру үшін Жапония еліне барып қайтты. Осы орайда, өңірдің білім беру әлеуетін нығайту және кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.
Екі елдің арасындағы тәрбие жүйесі Абайдың «Толық адам» іліміндегі рухани құндылықтармен стратегиялық тұрғыда тоғысатыны белгілі десек, осы орайда, кәсіби сапармен барған әріптестер шетелдік тәжірибені еліміздің тәрбие жұмысындағы бағыттарымен ұштастырудың озық үлгілерін (кейстерін) арнайы тәжірибелік алаңда көрсетті. Сонымен қатар, BINOM School өкілдері өздерінің тиімді педагогикалық кейстерін ұсынды.
Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бағытындағы іссапар - еліміздің білім жүйесіндегі өзара сабақтастықты жалғап, оқу-тәрбие үдерісіндегі инсайт болады деп сенеміз.


Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 12.02.2026 в 15:50