Меню KDT

⚡ Облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасының аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «WEB – ЖОБАЛАУ» тарауы бойынша тақырыптарды талдау мақсатында онлайн вебинар өтті.

⚡ Облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасының аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «WEB – ЖОБАЛАУ» тарауы бойынша тақырыптарды талдау мақсатында онлайн вебинар өтті


⚡ Облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасының аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «WEB – ЖОБАЛАУ» тарауы бойынша тақырыптарды талдау мақсатында онлайн вебинар өтті. Вебинардың мақсаты педагогтер арасында «WEB-жобалау» тарауын оқытудың озық әдістемелерімен бөлісу, күрделі тақырыптарды (HTML, CSS, JS) түсіндірудің тиімді жолдарын айқындау және оқушылардың практикалық жобалық дағдыларын қалыптастыру бойынша тәжірибе жинақтау.

Вебинарда А.Н Адилбекова (Аягөз ауданы білім бөлімінің №11орта білім беретін мектеп» КММ), Г. К.Бласбаева (Семей қаласы білім бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ), Г.М. Наширбекова («Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебі» КММ), А. Б. Бауржановалар («К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп – гимназиясы» КММ) веб-сайттарды жасауға арналған заманауи редакторлар мен платформаларды сабақта қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, педагогтер тарау ішіндегі қиындық тудыратын тақырыптарды оқытудың реті және логикалық құрылымын талқылап, оқушылардың жеке немесе топтық веб-жобаларын ұйымдастыру, оларды бағалау критерийлерін әзірлеу бойынша идеялармен алмасты.


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 16.02.2026 в 17:27