Меню KDT

1–11 сынып оқушыларына сынып жетекшілері «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізді.


#Адал_азамат
#Сынып_сағаты
2026 жылдың 16 ақпан күні
«N2 Новошим орта мектебі» КММ-нің 1–11 сынып оқушыларына сынып жетекшілері «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеу, қоғамдағы тәртіп нормаларын сақтау, сондай-ақ жеке жауапкершіліктің маңыздылығы түсіндірілді.
Түрлі пікірталастар, жағдаяттық тапсырмалар және тәрбиелік әңгімелер арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілік пен тәртіпке баулу.


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 16.02.2026 в 18:39