INIR миссиясына дайындық шеңберінде АЭХА ұйымымен үйлестіру кездесулері өтуде
Астанада 2026 жылдың 9–13 ақпаны аралығында АЭХА-нің «Ядролық инфрақұрылымды кешенді шолу» (INIR) миссиясы аясында жұмыс кездесулері өтуде. Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, «ҚАЭС» ЖШС, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысуда.

INIR миссиясы - атом электр станциясын салуға елдердің дайындық деңгейін бағалауға арналған АЭХА-нің негізгі әрі ең ауқымды бағалау тетігі. Миссия шеңберінде ұлттық ядролық энергетика бағдарламасын іске асыру үшін қажетті ядролық инфрақұрылымның 19 негізгі элементі кешенді түрде талданады.
Қазақстандағы ядролық инфрақұрылымның жай-күйін бағалауға арналған INIR миссиясының бірінші кезеңі 2016 жылы өтті. Оның қорытындысы бойынша АЭХА Қазақстанның атом саласындағы ілгерілеуін оң бағалап, ұсыныстарды орындауда жүйелі көзқарасын атап өтті.
Жұмыстың жалғасы ретінде Қазақстан INIR миссиясының екінші кезеңіне өтті. Бұл кезең инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық мәселелерді тереңдетіп қарастыруға бағытталған.
Бүгін алдағы миссияның басталуына дайындық аясында елдің атом электр станциясы құрылысын бастау үшін қажетті ұйымдастырушылық, құқықтық және институционалдық жағдайларды қалыптастыруға дайындығын бағалау жұмыстары бойынша АЭХА сарапшыларымен жұмыс кездесулері басталды.