Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Қоғамдық кеңесі 2025 жылғы саланың жұмыс қорытындыларын шығарды
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Қоғамдық кеңесінің екінші отырысы мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті.
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Қоғамдық кеңесінің екінші отырысы мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті.
Отырыста Агенттіктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2025 жылғы қызметі қорытындыланды. «ҚАЭС» ЖШС бас директоры Ернат Бердіғұлов АЭС құрылыс жобаларының барысы және Компанияның негізгі нәтижелері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
2025 жылы ҚАЭС жобаны іске асырудың белсенді кезеңіне өткені, ауқымды ұйымдастырушылық өзгерістер жүргізілгені өтілді. Компания мемлекеттік меншікке өтіп, Агенттіктің қарауына берілді. Команда жасақталып, қызметті қаржыландыру қамтамасыз етілді, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және комплаенс жүйелері енгізілді.
Сонымен қатар, ҚАЭС атом саласының кадрлық және өндірістік негізін қалыптастыруға белсенді қатысуда: кадрларды даярлау орталығы құрылды, атом саласының мамандарын даярлау жөнінде келісімге қол қойылды, кадрларды дамыту және локализациялау бойынша кешенді жоспарлар әзірленуде.
Сондай-ақ, халықаралық қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып, салалық өзара іс-қимылды дамыту және ұлттық нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта АЭХА-мен белсенді ынтымақтастық орнатылған.
Жиын барысында атом энергетикасы жобаларына қатысты негізгі мәселелерді қоғам мен мемлекеттің мүдделерін ескере отырып талқылауға мүмкіндік беретін ашық диалог алаңы ретінде Қоғамдық кеңестің маңыздылығы ерекше атап өтілді.