1–11 сыныптар параллельдерінде «Кітаптар біздің миымызға және көңіл күйімізге қалай әсер етеді?» атты сынып сағаты өтті. 🧠💬 Сабақ барысында оқушылар кітап оқудың ми жұмысына қалай әсер ететінін, есте сақтау қабілетін, зейінін және қиялын қалай дамытатынын білді. 📖🧠✨ Оқушылар кітаптардың күйзелісті азайтуға, көңіл күйді жақсартуға және эмоциялық интеллектіні қалыптастыруға қалай көмектесетінін талқылады. 💛🌿 Бастауыш сынып оқушылары сүйікті ертегілері мен кейіпкерлерімен бөліссе, жоғары сынып оқушылары әдебиеттің өзін және айналасындағы адамдарды жақсырақ түсінуге қалай ықпал ететінін ой бөлісті 🤝📚
1–11 сыныптар параллельдерінде «Кітаптар біздің миымызға және көңіл күйімізге қалай әсер етеді?» атты сынып сағаты өтті.
Комментариев нет
Просмотров: 14