Меню KDT

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің өкілдерімен кездесуі

9 ақпанда аудандық мәдениет үйінде оқушылардың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті.


#кәсіптік_бағдар
9 ақпанда аудандық мәдениет үйінде оқушылардың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Оған Новоишим қазақ жалпы білімберетін мектебі» КММ 10-11 сынып оқушылары қатысты.
Қатысушыларға ІІМ жүйесіндегі оқу орындарына түсу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар, қызметтің ерекшеліктері, әлеуметтік кепілдіктер мен мансаптық өсу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Кәсіби жауапкершілік, тәртіп және қызметтің қоғам үшін маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.


Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: b0915skobilim
Сайт: nksh3-sko.edu.kz
Добавлено: 10.02.2026 в 10:03