Меню KDT

«Көшелер мен жолдардың элементтері» видеоролик


Бастауыш сынып оқушыларының жол қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру мақсатында 2-сынып оқушыларына «Көшелер мен жолдардың элементтері» және «Топтардың қозғалыс ережелері» тақырыптарында танымдық видеоролик көрсетілді.
Видеоролик барысында оқушылар жолдың негізгі элементтерімен (жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегі, бағдаршам, жол белгілері) танысып, көшеде және жолда өзін дұрыс ұстау ережелерін қайталады. Сонымен қатар, топ болып жүрген кезде қауіпсіздік сақтау тәртібі түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 20.02.2026 в 15:26