Меню KDT

Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өтті.


Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен ерекшеліктер туралы кеңінен ақпарат беріліп, ұстаздар қауымының сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Кездесуге арнайы қонақтар қатысты:

✅ Ажикенова Мадина Берикболқызы – Астана қаласы мәслихатының депутаты.

✅ «Тұрсын Астана – 2» мүлік иелерінің бірлестігінің төрағасы
Оспанов Қуаныш Владимирович.

✅ Кабдыгалиева Мейрамгуль Кенжегалиевна – Астана қаласы мәслихатының депутаты, Ақ жол партиясының мүшесі.

✅ Әбдіғани Бәзілханұлы – AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының саяси бөлімінің басшысы.

✅ Киикбаев Жақсылық Ахметкалиевич – Respublica партиясы мүшесі, фракция менеджер-талдаушысы.

🎤 Модератор: Ануарбекова Зада Ануарбекқызы.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныстар ортаға салынды.



Комментариев нет
Просмотров: 26
Автор: 83mektep
Сайт: 83mektep-astana.edu.kz
Добавлено: 19.02.2026 в 13:34