Меню KDT

«Өз ризашылығыңды жаса» тақырыбында тәрбие сағаты.


#Психологиялық_Қолдау_Орталығы
#СқоӘкімдігініңБілімБасқармасы
#КүнСайынДостық_Ризашылық_Толеранттылық
2026 жылдың 25 ақпан күні Психологиялық қолдау орталығы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне орай «Күн сайын достыққа, ризашылыққа және толеранттылыққа қадам» психологиялық онкүндігі аясында №2 Новошим орта мектебі КММ-нің 2 «А» сынып оқушыларына сынып жетекшісі Елжасова Б.А.
«Өз ризашылығыңды жаса» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Сабақ барысында оқушылар ризашылықтың маңыздылығы туралы ой бөлісіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, достық пен сыйластық құндылықтарын нығайтуға бағытталған қызықты тапсырмалар орындады. Іс-шара балалардың мейірімділік, қамқорлық және толеранттылық қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға өз үлесін қосады.


Комментариев нет
Просмотров: 4
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 25.02.2026 в 17:16