Меню KDT

2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ДФЛ-2026 қысқы чемпионаты өтті.


10 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Қостанай қаласында 2015 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ДФЛ-2026 қысқы чемпионаты өтті. Біздің мектептің оқушылары—6 «Б» сынып оқушысы Ерғалиев Карим мен 4 «Б» сынып оқушысы Рыжов Илья аудан құрамасының сапында өнер көрсетіп, команда 1-орынға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жас футболшыларымыз жеке марапаттарға да ие болды:
Ерғалиев Карим — «Турнирдің үздік ойыншысы»,
Рыжов Илья— «Команданың пайдалы ойыншысы».
Балаларды осындай күрделі әрі тартысты турнирдегі лайықты жеңістерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да табыс, жарқын ойындар мен жаңа жеңістер тілейміз. ⚽🏆


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 26.02.2026 в 15:46