3-сынып оқушыларымен психологиялық жұмыс аясында педагог-психолог «Жанымыздағы жандарды қадірлейік» атты тренингтік сабақ өткізді. 💛 Кездесудің мақсаты — ата-аналар мен жақын адамдарға деген құрмет пен ризашылық сезімін қалыптастыру. Оқушылар жылы сөздер айтуды үйреніп, отбасының қамқорлығы туралы ой бөлісті, сондай-ақ «Жылы шеңбер», «Құндылықтардың сиқырлы қоржыны» жаттығулары және «Ризашылық гүлі», «Менің ризашылық белгісім» атты шығармашылық тапсырмалар арқылы алғыстарын білдірді. 💛 Сабақ жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Балалар шынайы сезімдерімен бөлісіп, жанымыздағы адамдарды қадірлеудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер эмпатияны, эмоционалдық сезімталдықты дамытуға және сыныптағы жағымды ахуалды нығайтуға ықпал етеді.
3-сынып оқушыларымен психологиялық жұмыс аясында педагог-психолог «Жанымыздағы жандарды қадірлейік» атты тренингтік сабақ өткізді.
Комментариев нет
Просмотров: 22