«Бірегейлікті бағалаймыз» тренинг.
2026 жылдың 27 ақпан күні Психологиялық қолдау орталығы КММ ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай «Күн сайын достыққа, ризашылыққа және толеранттылыққа қадам» психологиялық онкүндігі аясында маңызды іс-шара өткізілді.
Аталған жоспарға сәйкес
№2 Новошим орта мектебі КММ-нің 6 "А" сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруші Омирзак О. А. «Бірегейлікті бағалаймыз» атты тренинг ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты: оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін құрметтеуге, өзара сыйластық пен толеранттылықты қалыптастыруға, достық пен ризашылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар орындап, топтық жұмыс арқылы бір-бірінің ерекшеліктерін танып, бағалауға мүмкіндік алды.
Мұндай шаралар жасөспірімдердің тұлғалық дамуына оң әсер етіп, мектеп ұжымында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.
Комментариев нет
Просмотров: 3