Меню KDT

"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы орталығында өткен тағылымды іс-шараға 9 «А» сынып оқушысы Маликова Зарина және 10 «Б» сынып оқушысы Қыдыргелді Нұрмұхаметтер қатысып қайтты.


#Адал_азамат
#Балдәурен
Қонаев қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы орталығында өткен тағылымды іс-шараға
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 9 «А» сынып оқушысы Маликова Зарина және
10 «Б» сынып оқушысы Қыдыргелді Нұрмұхаметтер қатысып қайтты.
Аталған орталықта ұйымдастырылған бағдарлама барысында оқушылар түрлі танымдық сабақтар мен көшбасшылыққа бағытталған тренингтерге қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін шыңдады. Сонымен қатар, шығармашылық және зияткерлік сайыстарда белсенділік танытып, жаңа достар тауып, ерекше әсерге бөленді.
Бұл сапар– оқушыларымыз үшін үлкен тәжірибе мен жарқын естелікке толы болды.
Осындай мүмкіндіктер жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, патриоттық рух құндылықтарын қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Қатысушыларымызға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Мектебіміздің мақтаныштары көбейе берсін!


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: b0917skobilim
Сайт: nssh2-sko.edu.kz
Добавлено: 27.02.2026 в 12:16