ӘКЕЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
ӘКЕЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
ӘКЕЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
⚡️Әке тәрбиесінің бала өміріндегі маңызын ашу, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Әке өнегесі – сөзбен істің бірлігі» тақырыбында қауымдастық отырысы өтті. Онлайн және оффлайн форматындағы отырысқа облыс мектептеріндегі әкелер қауымдастығының 100-ге жуық өкілі қатысты.
🇰🇿Облыстық Қауымдастық төрағасы Лауенов Ерасыл Ерланұлы, өкілдері Бердікенов Уалихан Мұратұлы, Шынарбек Шыңғыс Әбілұлы және «Білім және Инновация» лицейі әкелер кеңесінің өкілі Құндақбай Нұрлан Тұрсынұлы баяндама жасап, әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлі, оның тәрбиедегі орны мен жеке үлгісінің маңызын талқылап, тәжірибе бөлісті.
Сондай-ақ отырыс барысында әкенің отбасы алдындағы жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі беделі, сөз бен істің бірлігі, жақсы қасиеттерді қалыптастырудағы жеке өнегесі мәселелері көтеріліп, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша әкенің балаға бағыт-бағдар беретін шамшырақ екені, оның әрбір ісі мен сөзі ұрпақ жүрегінде өшпес өнеге ретінде сақталатыны атап өтіліп, озық тәжірибелер мен мазмұнды ақпараттар арқылы озық ойлы әке болудың үлкен жауапкершілік пен жоғары мәртебе екені кеңінен түсіндірілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы отбасылық құндылықтар дәріптеліп, саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға үлес қосылады, сондай-ақ әкелер қауымдастығының әкелермен жүргізілетін жұмысы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынына сенім білдіріледі.