⚡2026 жылғы 18 ақпанда Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы № 49 орта мектепте білім беру ұйымдары басшылары мен орынбасарларына арналған «Дамытушы ортаны құру технологиялары» облыстық семинар-тренинг өтті.

Шараның мақсаты – мектепте қауіпсіз, инклюзивті және тұлғалық дамуға бағытталған ортаны құрудың тиімді басқарушылық және педагогикалық технологияларымен таныстыру, стратегиялық даму жоспарында қолдану мүмкіндіктерін айқындауға кәсіби қолдау көрсету.
Семинар-тренинг облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың директорының орынбасары Гульфия Мажитовна Ахметованың алғы сөзімен басталды.
№ 49 орта мектептің директоры Токтубаева Гульфариза Темирбаевна мектептегі басқару жүйесінде дамытушы ортаны құрудың тиімді модельдері мен технологияларын, оқушылардың оқу жетістіктері мен психологиялық жайлылығын қалыптастыру бойынша жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Шараға келген басшылар мен орынбасарлар «Адамға бағытталған көзқарас дамытушы білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі қағидасы», «Тұлғалық әлеуетті дамыту әдістемесі» тақырыптарындағы кейстерді шешу арқылы өзара тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарды талқылады.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру Академияның ғылыми қызметкерлері Алмагүл Мухамедханова мен Жанна Жақиянова ЮНЕСКО-ның қолдауымен серіктестікте атқарылып жатқан жаңалықтарға тоқталып, дамытушы білім беру ортаны құрудағы замануи талаптар мен нормативтік негіздерімен қорытындылады.
Сонымен қатар, мектептегі «Сәукеле» клубы, Көлеңке театры, ЭКО зертхана, ІТ полигон жұмыстарын семинар қатысушылары жоғары бағалады.
Бұл шара білім беру ұйымдарының стратегиялық дамуына жаңа серпін бермек.