Меню KDT

«Балам, қашан келесің?..» драмасының премьерасы өтті

Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрындаелімізге танымал режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың «Балам, қашан келесің?..» атты драмалық қойылымының премьерасы өтті. Көңілшек көрерменнің эмоциясын қозғап, кеуделерде өксік қалдырған премьераға халық көп жиналды.


26 ақпан күні театрымыздабелгілі қаламгер Сәкен Сыбанбайдың «Үміт үйі» деп аталатын әңгімесінің желісі бойынша драмалық премьера өтті. Қойылымға шығарма иесі арнайы келіп, спектакльді көрерменмен бірге тамашалады.

Сахнада қарттар үйіндегі алты тағдырдың иесі сипатталды.Бұл мекенде уақыт тоқтап қалғандай, тек есіктің әрбір шиқылы жүректі дүрсілдетеді. Алтауының қарттар үйінің табалдырығын аттау себебі де әртүрлі.Олардың күнтізбесінде тек бір ғана күн бар. Ол - «бүгін келеді» деген үміт күні.

Қойылымдағы қарттардың бейнесін театр труппасының аға буын актерлері -  Рауза Тәжібаева, Бейбіт Шәнім, Жұмахан Доспаев, Талжібек Атамбек, Қарлығаш Жексембаева, Дәурен Әділ, Бек Тоқатов сомдады.

Аймауытов театры


Комментариев нет
Просмотров: 8
Автор: aimauytovteatry
Сайт: kmdt.kz
Добавлено: 03.03.2026 в 11:11