Облыстық «Тәжірибе алаңы: мектептер серіктестігі» тренингі өтті
Облыстық «Тәжірибе алаңы: мектептер серіктестігі» тренингі өтті
Облыстық «Тәжірибе алаңы: мектептер серіктестігі» тренингі өтті
2026 жылғы 20 ақпанда Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының барлық құрылымдарын басқаруды біртұтас, ашық, тиімді цифрлық экожүйеге біріктіруге бағытталған тренинг өткізілді.
Гибридті форматта өткізілген шараға 200-ге жуық басшы мен басшының орынбасарлары қатысты.
І - диалогтық алаңда Жетісу облысының Алакөл ауданы Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектептің директоры Тұрсынбаев Алмас Саматұлы «Sandyg басқару моделі», Шымкент қаласының № 97 жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары Алтыбаев Бағдат Досжанұлы «Ақылды мектеп», Семей қаласының № 51 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Абылкасимов Кайрбек Ануарбекович «Абай Келешек» цифрлық платформаларымен таныстырылым жасады.
ІІ - тәжірибелік алаңда мектепті цифрлық басқарудың экожүйесіндегі цифрлық құралдарды бір жүйеге келтіру, цифрлық деректерге сүйеніп болжам жасау, мектеп директорының күнделікті жұмыс уақытын оңтайландыратын басқару тақтасын жасау арқылы «қолмен басқарудан» (manual) «автоматтандырылған аналитикалық басқаруға» (data-driven) көшіруге бағытталған топтық тапсырмалар орындалып, табысты кейстерді ортаға салу арқылы пікір алмасты.
Замануи мектеп - үздіксіз қозғалыстағы күрделі ағза. Мектепті басқаруды цифрлық экожүйеге біріктіру қағаз есептерді электронды форматқа көшіру емес, бұл басқарудағы жаңа деңгей, шешім қабылдаудағы жеделдік және ресурсты үнемдеу.
Осы тренингтен кейін цифрлық басқару бойынша жаңа идеялар, тиімді кейстер мен мектептер арасындағы мықты кәсіби байланыстар, облыс мектептерін озық цифрлық хабтарға айналдыратын басшылар командасы жасақталады деген сенімдеміз.