Меню KDT

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ


ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2026 жылғы 16-18 ақпан күндері Астана қаласында Түркі әлемі балалар ойындарының фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – Түркия мен Қазақстан арасындағы ортақ құндылықтарға негізделген мәдени байланысты нығайту, ұлттық ойындардың ұқсастықтарын зерделеу, мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуына ықпал ету және ұлттық ойын түрлерін дәріптеу. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі өзара тәжірибе алмасу мен ортақ бағыттарды саралау көзделді.
Аталған халықаралық іс-шара аясында Түркия мемлекетінен келген білікті педагогтер арнайы семинар-тренинг өткізіп, тәрбие жұмысының заманауи бағыттары, құндылыққа негізделген білім беру, ұлттық мұраны сабақта тиімді қолдану жолдарын таныстырды.
Семинарда Семей қаласындағы «ZEREK Semey» ЖШС «Jas Abay» мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмакенова Данара Ержанқызы жекеменшік білім беру ұйымының тәрбие бағытындағы озық тәжірибесін бөлісті.
Бұл тағылымды шара – түркі халықтарының рухани байланысын нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған маңызды қадам болды.


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 24.02.2026 в 18:03