Меню KDT

Қанайналым жүйесі аурулары: алдын алу және қауіп факторлары

Қанайналым жүйесінің аурулары аурушаңдық пен өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Оларға жүрек пен қан тамырларының қалыпты қызметінің бұзылуынан пайда болатын аурулар жатады. Олардың ішінде ең жиі кездесетіндері – жүректің ишемиялық ауруы (оның ішінде миокард инфаркті), инсульт, шеткі артериялардың аурулары, жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары, сондай-ақ өкпе артериясының тромбоэмболиясы.
 Қауіп факторлары басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінеді.
 1.Басқарылатын факторларға артериялық қысымның жоғарылауы, дұрыс тамақтанбау және семіздік, қозғалыс белсенділігінің төмендігі, темекі шегу және алкогольді шамадан тыс тұтыну жатады.
 2.Басқарылмайтын факторларға тұқым қуалайтын бейімділік, ер жынысына жату, сондай-ақ жас ерекшелігі (45 жастан асқан ер адамдар және 55 жастан асқан әйелдер) жатады.
 Қанайналым бұзылыстарының негізгі белгілеріне кеуде тұсындағы ауырсыну немесе жайсыздық, жүрек ырғағының бұзылуы, ентігу, бас айналу, аяқ-қолдардың ісінуі, сондай-ақ еріндерде, саусақтарда немесе мұрын ұшында терінің көгілдір түске айналуы жатады.
 Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін мыналар маңызды:
-артериялық қысымды және холестерин деңгейін тұрақты бақылау;
-аптасына 4–5 рет кемінде 30 минут физикалық белсенді болу;
-дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау;
-темекі мен алкогольден бас тарту;
-профилактикалық медициналық тексерулерден тұрақты өту.
Жүрек пен қан тамырларының денсаулығын сақтаудың ең басты ережесі – салауатты өмір салтын
 
МӘМС  жарналары қалай және қайда жасалады

Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 06.03.2026 в 08:59