Меню KDT

Білім беру ұйымдары басшыларымен алқа жиналысы өтті


2026 жылғы 11 наурыз күні білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен алқа жиналысы өтті. Жиынға әкім орынбасары, Білім басқармасының басшысы және Білім беру сапасын бақылау басқармасының өкілі қатысты.

Алқа жиналысында 2025 жылы білім беру саласында атқарылған жұмыстардың қорытындылары қарастырылып, қол жеткізілген жетістіктер мен орын алған кемшіліктер туралы есептер тыңдалды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру, білім сапасын арттыру және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер талқыланды.

Жиналыстың екінші бөлімінде Жаңа Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер талқыланып, аталған өзгерістер бойынша баяндамалар жасалды. Сондай-ақ, 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысып, өз дауысын берудің маңыздылығы атап өтілді.
















Комментариев нет
Просмотров: 4
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: pmpk7.agartu.kz
Добавлено: 12.03.2026 в 13:51