Көрісу күні – Амал мерекесі
🔹Бүгін мектебімізде «Көрісу күні – Амал мерекесі» аталып өтті.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі Көрісу күні туралы терең мағлұмат беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Көрісу күні – адамдар бір-бірімен қауышып, өкпе-ренішті кешіріп, араздықты ұмытып, ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-біріне ізет, құрмет, ілтипат көрсететін ерекше мереке. Бұл күн – татулық пен бірліктің белгісі.
Аталмыш мерекеге орай мектеп оқушылары ұлттық дәстүрді насихаттап, бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектер айтты. Сонымен қатар, әр мектептен 1000 оқушы бір мезетте «Көрісу» рәсімін орындап, ұлттық дәстүрдің маңызын көрсетті.
Комментариев нет
Просмотров: 18