Меню KDT

16 наурыз – Шаңырақ күні.


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Наурызнама» онкүндігіне орай «16 наурыз – Шаңырақ күні» тақырыбында мектепте тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шаңырақ – қазақ халқы үшін отбасының, бірліктің және берекенің символы. Ол – ұрпақтар сабақтастығының, жылулық пен қамқорлықтың белгісі. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Ұлттық дәстүрлерді түсіндіре отырып, отбасындағы бірлік пен татулықтың маңызын ұғындыру. Іс-шара барысында қыз балаларға қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары таныстырылып, олардың мағынасы мен ерекшеліктері түсіндірілді.Бұл кездесу оқушыларға ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге, отбасының маңызын сезінуге және үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, тағылым алуға көмегін тигізді. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров: 11
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 18.03.2026 в 22:53