«Таза Қазақстан» акциясының экологиялық мәдениет концепциясы және «Жасыл Өңір – Жасампаз Болашақ» экологиялық айлығы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінде маңызды жұмыстар атқарылуда.
Соның бірі — мектеп дәлізіндегі «Табиғат бұрышының» толықтай жаңарып, көркейтілуі.
Бұл бұрыш оқушылардың экологиялық білімін тереңдетуге, өсімдіктер әлемін аялауға және мектеп ішіндегі тазалық пен сұлулықты сақтауға бағытталған. Жасыл желекке толы бұрыш мектебімізге ерекше көрік беріп, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра түспек.
🛡️ Табиғат бұрышын жаңартуға және экологиялық бағыттағы ақпараттық жұмыстарға жауапты: Аға тәлімгер Қырғызбай Ұ.Б.
Табиғатты аялау — өз үйіңді аялаудан басталады!
#ТазаҚазақстан #ТабиғатБұрышы #ЖасылӨңір #ЭкоМәдениет #МағжанМектебі

Комментариев нет
Просмотров: 6