Бүгін ПМПК-7 ұжымы №108 мектепке арнайы барып, аутизм тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар аутизмнің ерекшеліктері, ерте анықтау маңыздылығы және балаларға дұрыс қолдау көрсету жолдары туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.
Мектеп ұжымымен ашық диалог өтіп, сұрақтарға жауап беріліп, тәжірибелік ұсыныстар ұсынылды.
Осындай кездесулердің басты мақсаты – қоғамда түсіністік қалыптастыру, әрбір балаға қолдау көрсету және инклюзивті орта құру.
Бірге түсінейік, бірге қолдайық 🤍









Комментариев нет
Просмотров: 7