Меню KDT

Менің Республикам — менің мақтанышым!


 

Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осы бағытта «Менің Республикам — менің мақтанышым!» тақырыбында мерекелік жұмыс ұсынылды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін нығайту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел тарихы мен Тәуелсіздіктің маңызын ұғындыру.

Тәуелсіздік – халқымыз үшін ең қастерлі ұғымдардың бірі. Сондықтан жас ұрпақтың бойында елжандылық, азаматтық жауапкершілік және ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптастыру – мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

Осындай мазмұнды жұмыстар арқылы оқушылар туған жерін қадірлеуге, ел жетістіктерін мақтан етуге және Отанын сүюге тәрбиеленеді.

Facebook желісіндегі жарияланымға сілтеме:
https://www.facebook.com/reel/830012873184144

#Адал_азамат
#Тәуелсіздіккүні


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: b0927skobilim
Сайт: www.b0927.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.12.2025 в 16:52