Бүгін ПМПК ұжымы №78 балабақшада болып, аутизм тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар аутизмнің ерекшеліктері, оны ерте анықтаудың маңыздылығы және балаларға дұрыс қолдау көрсету жолдары туралы кеңінен мәлімет берді.
Балабақша ұжымымен ашық әңгіме өтіп, сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы ұсыныстар айтылды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – қоғамда түсіністік қалыптастыру, әрбір балаға қолдау көрсету және инклюзивті ортаны дамыту.
Бірге түсінейік, бірге қолдайық 🤍








Комментариев нет
Просмотров: 5