Білім бөлімі «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалық сенбілікке белсенді қатысты. 🌿
Қоршаған ортаны таза ұстау және көгалдандыру іс-шарасына қолдау көрсетіп, бөлім қызметкерлері тек өз үлестерін қосып қана қоймай, барлық қарасты мекемелерге эстафета жолдады.
Білім беру ұйымдары бұл шақыруға қуана-қуана жауап беріп, белсенді түрде жұмысқа кірісті: аумақтарды тазарту, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар ұйымдастырылды.
Бірге біздің ауданды таза әрі әдемі етеміз! 💚


Комментариев нет
Просмотров: 5