Қарауыл ауылында жанар-жағармай бекеті жұмысын бастады
Қарауыл ауылында жанар-жағармай бекеті жұмысын бастады
Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының Қарауыл ауылындағы облыстық маңызы бар «Қарауыл – Семей» автожолы бойында ашылған жанар-жағармай бекетіне барды. Жобаның жүзеге асуына «LUKOIL Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС және «GAS&MҰНАЙ» ЖШС қолдау білдірген. Жобаға аймақ басшысының «Туған жерге туыңды тік» бастамасы аясында инвестиция тартылып, жақында халық игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Тартылған инвестиция көлемі – 350 миллион теңге. Бекет заманауи жабдықталған 6 колонкамен қамтылған. Бір мезгілде 12 көлікке бензин және дизель отынын құюға мүмкіндігі бар. Шағын маркет жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Комментариев нет
Просмотров: 4