Меню KDT

Біз әртүрліміз – біз біргеміз


1 сәуір Ыбырай Алтынсарин атындағы 83 мектеп гимназиянда Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай
«Біз әртүрліміз – біз біргеміз» “Kino Time” 📽️🍿 апталығының ашылу салтанаты өтті.

Апталық барысында психологтар, мамандар және педагог-ассистенттер оқушылар мен ұстаздарға арналған түрлі қызықты әрі пайдалы іс-шаралар ұйымдастырды.
Атап айтқанда: мозайка құрастыру, нейрожаттығулар, құлаққап арқылы тәжірибелер, асық ойындары өткізілді.

Сонымен қатар, ерекше форматтағы “Kino Time” ұйымдастырылып, қатысушыларға жылы әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бұл апталықтың басты мақсаты – аутизмі бар балаларды түсіну, қолдау көрсету және қоғамда мейірімділік пен бірлікті насихаттау. 💙

Біз әртүрліміз – бірақ біз біргеміз!







#2сәуір #Аутизм #БізӘртүрлімізБізБіргеміз #KinoTime #ЕрекшеБалалар #МейірімдіҚоғам


Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: 83mektep
Сайт: 83mektep-astana.edu.kz
Добавлено: 08.04.2026 в 12:39