Меню KDT

📢 ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №235 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарының аумағында қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында мектепке әкелуге тыйым салынған және пайдалануға шектеу қойылған заттар туралы ескертеміз.

№73 мектеп-лицей аумағына әкелуге қатаң тыйым салынған заттар:
•⁠ ⁠қару-жарақтың барлық түрлері;
•⁠ ⁠жарылғыш және жанғыш заттар;
•⁠ ⁠суық қару, өткір және жарақаттауы мүмкін заттар;
•⁠ ⁠улы және химиялық заттар;
•⁠ ⁠есірткі, алкоголь және психотроптық заттар;
•⁠ ⁠адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да заттар.

Пайдалануға шектеу қойылған заттар:
•⁠ ⁠ұялы телефондар және басқа да гаджеттер;
•⁠ ⁠құлаққаптар және электронды құрылғылар.

Аталған заттарды мектепке әкелу немесе пайдалану мектептің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Білім беру ұйымында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру — барлық оқушылар, ата-аналар және педагогтердің ортақ міндеті.

Барлық білім алушылардан мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауды сұраймыз.

Комментариев нет
Просмотров: 4
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: 73.astana-bilim.kz
Добавлено: 09.04.2026 в 09:10