Меню KDT

Туристік нысандардың құрылысы бойынша жиын өтті

    «TauKum» этно кешенінің құрылысы мен Қарауыл ауылында жақында құрылыс жұмыстары басталатын қонақ үй нысаны бойынша жиын өтті


      Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы жеке кәсіпкер Бектас Медғатовпен және тиісті сала басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан «TauKum» этно кешенінің құрылысы мен Қарауыл ауылында жақында құрылыс жұмыстары басталатын қонақ үй нысанының барысы кеңінен талқыланды. Жиында аталған жобалардың уақытылы, әрі сапалы іске асырылуы үшін қажетті жер кадастрын рәсімдеу, электр желілерімен қамтамасыз ету және өзге де инфрақұрылымдық мәселелер қозғалды. Аудан басшысы жауапты сала басшыларына бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, барлық қажетті шараларды дер кезінде орындауды тапсырды. Жобалардың іске асырылу барысы бақылауға алынып, нақты міндеттер белгіленді.


Комментариев нет
Просмотров: 9
Автор: abay.travel
Сайт: taraz.test.kdt.kz
Добавлено: 09.04.2026 в 16:56