18-НАУРЫЗ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
«Ұлттық киім – ұлттың айнасы»
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай мектебімізде 1–11 сынып оқушылары мен ұстаздар арасында ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында сән үлгісі дефилесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерін заманауи талғаммен үйлестіре отырып, сахнада ерекше сән-салтанатпен таныстырды. Әрбір образдан халқымыздың бай мәдениеті, нәзік талғамы мен ұлттық рухы айқын көрініс тапты.
Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық киімді насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және халқымыздың асыл мұрасын ұлықтау.
Дефиле қорытындысы бойынша:
Барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, "Ең сәнді образ","Ең үздік ұлттық киім", "Этностиль шебері", "Көрермен көзайымы" номинацияларымен ұстаздар мен оқушылар марапатталды.
Комментариев нет
Просмотров: 6