Меню KDT

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 12 наурызында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлеріне «Аттестациядан өтпеген педагогтерге әдістемелік қолдау жүйесін ұйымдастыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн отырыс өткізді.

Мақсаты: Барлық жалпы білім беру пәндері бойынша ПББ төмен нәтиже көрсеткен педагогтерге кәсіби қолдау көрсету үдерісінің тиімді жолдарын ұсыну, әдістемелік көмек беру.
Отырыс барысында білім беру жүйесінде педагог құзыреттілігін жетілдіру мақсатында өткен «Мерейлі ұстаз» жобасы аясында «Шеберден олжа» бағыты бойынша каскадтық әдісі арқылы әдістемелік қолдау жұмыстарының қадамдары берілді. Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету үшін, (әдіскерлер, педагог-шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдер, тренерлерден құралған) пәндік командалар құру, ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, тапсырмаларды талдау, қиын тақырыптарды меңгеруге арналған жоспар әзірленіп, жүзеге асырылуы қажет екендігі айтылды. Пәндік біліктілікті арттыру курстарының мазмұнына қиын тақырыптарды енгізу жөнінде ұсыныстар жолданғанын атап өтті. Отырыс соңында ұсыныстары тыңдалып, кері байланыс жасалды.

Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 13.03.2026 в 14:49