Меню KDT

13 наурыз күні Ақсуат колледжінде «JAS Skills – 2026» ІІ облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарыс Ақсуат колледжінің базасында өтті.

13 наурыз күні Ақсуат колледжінде «JAS Skills – 2026» ІІ облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарыс Ақсуат колледжінің базасында өтті.


13 наурыз күні Ақсуат колледжінде «JAS Skills – 2026» ІІ облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарыс Ақсуат колледжінің базасында өтті.

Чемпионатқа ауданның 12 мектебінен келген оқушылар қатысып, «Аспаздық ісі», «Сән технологиясы», «Ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларын жөндеудегі слесарьлық іс» және «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша өз шеберліктерін сынады.

Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының еңбек дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және болашақ мамандықтарға ерте қызығушылығын қалыптастыру.

Екі күнге созылған чемпионат барысында қатысушылар тағам әзірлеу, сәндік бұйымдар дайындау, техникалық бөлшектерді жөндеу сияқты тәжірибелік тапсырмаларды орындап, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың жұмыстарын кәсіби мамандар бағалады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Аспаз ісі:

І орын – Саяхатқызы Бүрлен («К.Нұрбаев атындағы орта мектебі» КММ)

ІІ орын – Бауыржанқызы Дильназ («М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ)

ІІІ орын – Отанбек Іңкәр («Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ)

Үздік медаль – Болатбекқызы Арайлым («Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ)

Сән технологиясы:

І орын – Манап Мадина («Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ)

ІІ орын – Есдаулет Шұғыла («Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ)

ІІІ орын – Қуанышқызы Тоғжан («Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ)

Үздік медаль – Қыдырханова Дина («М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ)
І орын – Сембіхан Нұрділдә («Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ)

ІІ орын – Совет Ернұр («Көктүбек мектеп-бөбекжай балабақша кешені» КММ)

ІІІ орын – Саматұлы Толағай («М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ)

Үздік медаль – Сайлаубаев Қайыржан («Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ)

Ветеринария:

І орын – Қызыр Анель («Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ)

ІІ орын – Сержанқызы Назира («М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ)

ІІІ орын – Кәдірғазы Айша («С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ)

Үздік медаль – Есенов Еділ («Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебі» КММ)

Чемпионат соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!


Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 16.03.2026 в 14:51