Меню KDT

🌿«ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША» - ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

🌿«ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША» - ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


🌿«ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША» - ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


🔹Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру заманауи білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы сияқты жаһандық экологиялық сын-қатерлер жағдайында табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулуды ерте жастан бастау маңызды.

📝Осыған орай, МДҰ «Жасыл балабақша» жобасын іске асыру ұсынылды, оның ішінде: салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу; жарық пен су көздерін үнемдеу; табиғаттың ластануын болдырмау; балабақша бөлмелеріне, жылыжайларға көкөністер мен жемістер гүлдер, отырғызу; өсімдіктерге күтім жасау; балалардың жасаған жұмыстарын жарнамалау ұсынылады.

🖊️МДҰ ауласына бақша өнімдерін егу, оларға күтім жасау, қарапайым бақылау жүргізу, жылыжай жұмысын ұйымдастыру, қалдық заттарды сұрыптау арқылы оларға «екінші өмір» сыйлау, электр қуатын ұтымды пайдалану.

✔️Балалар ауа-райын, маусымдық өзгерістерді, табиғи құбылыстарын бақылау және зерттеу үшін метеоалаң ұйымдастыруға болады. Метеоалаң балаларға ғажайып табиғат әлеміне және оның заңдылықтарына үңілуіне мүмкіндік береді.

🎯Жобаның негізгі мақсаты: өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық мәдениетті балалық шақтан қалыптастыру. Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында балалардың экологиялық білімін дамытуға, табиғатқа ұқыпты қарауға және оны қорғау дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Абай облысында 33 мектепке дейінгі ұйымдары жобалық әрекетті жүргізуде.


Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 19.03.2026 в 15:01