✨2026 жылғы 12 наурызда Абай облысының инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Функционалдық оқу үшін 1- 4 сыныптарға арналған мәтіндерді таңдау» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар ұйымдастырылды.

🎯Вебинардың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының функционалдық оқу дағдыларын дамытуда тиімді мәтіндерді іріктеу жолдарын талқылау, педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және оқу үдерісінде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді таныстыру болды.
👤Вебинар спикерлері: Абай облысының инновациялық-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Жайсанбаева Жибек Далелхановна және Новосельцева Наталья Владимировна – педагогика ғылымдарының кандидаты, КөкжиекГоризонт баспа департаментінің директоры.
📝Іс-шара барысында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық оқу дағдыларын дамытудағы мәтіндердің маңызы, мәтіндерді іріктеу критерийлері, олардың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар халықаралық PIRLS зерттеуінің ерекшеліктері мен талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🖊️Спикерлер PIRLS форматындағы мәтін түрлері, тапсырмалардың құрылымы, оқушылардың мәтінді түсіну, талдау, ақпаратты интерпретациялау және қорытынды жасау дағдыларын дамыту жолдары жөнінде практикалық мысалдар келтірді. Қатысушыларға сабақ барысында қолдануға болатын тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылып, тәжірибелік ұсыныстар берілді.
✔️Вебинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ұсынылған материалдардың педагогикалық тәжірибеде тиімді қолданылатынын атап өтті. Мұндай әдістемелік кездесулер мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.