Қазақстанда 2029 жылға дейінгі Денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметтің тапсырмаларын және елдің Ұлттық даму жоспарын іске асыру аясында 2029 жылға дейінгі Денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасын әзірледі.
Жаңа стратегиялық құжат халықтың қажеттіліктеріне бағытталған, заманауи, тұрақты және қолжетімді жүйені қалыптастыруға, барлық азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының тең болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тұжырымдама саланы кешенді дамыту шараларын қарастырады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу, интеграцияланған және жоғары технологиялық медицинаны дамыту, сондай-ақ кадрлық әлеует пен медициналық ғылымды нығайту бар.
Негізгі мақсаттардың бірі -2029 жылға қарай күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыру, сондай-ақ негізгі жұқпалы емес аурулардан, оның ішінде жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, қант диабеті және созылмалы респираторлық аурулардан мезгілсіз өлім-жітім деңгейін төмендету.
Құжат 9 стратегиялық бағытты және 168 іс-шараны қамтиды, олар денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға және республикалық және өңірлік деңгейде медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
Тұжырымдаманы әзірлеуге жетекші сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, медициналық жоғары оқу орындары, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және ЮНФПА сияқты халықаралық ұйымдар қатысты.
Тұжырымдаманы іске асыру медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және ел халқының денсаулығын одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.
МӘМС жарналары қалай және қайда жасалады

Комментариев нет
Просмотров: 3