Меню KDT

«Ұлттық ойындар» республикалық акциясы.


Наурыз мерекесі қарсаңында, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай мектебімізде «Ұлттық ойындар» республикалық акциясы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылар ұлттық спорт түрлерін таныстырып, дәстүрлі ойындарды көрсетіп, тарихы мен мәнін түсіндірді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спортты, дәстүрлі ойындарды дәріптеу және насихаттау, мектеп ұжымын және оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, достық пен бірлікті нығайту, ұлттық мәдени мұраға деген құрметті қалыптастыру. Сонымен қатар, акция арқылы қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берілді. ВИДЕО КӨРУ


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: 64mektep
Сайт: 64ml.edu.kz
Добавлено: 19.03.2026 в 21:12